Абай облысындағы Алакөл жағалауында 120-дан астам бала жоғалу фактісі тіркелді

Туристік полиция жедел әрекет етуде.

Әсіресе адамдар көп жиналатын орталық Арбат аумағында, ата-аналар бір сәтке назардан тыс қалдырған балалар көзден таса болып кетіп жатады. Жазғы маусым басталғалы 126 жағдай тіркелді .

"Барлық жағдайда балалар дер кезінде табылып, ата-аналарына аман-есен табысталды. Полиция қызметкерлері ескертеді: балаларға қатысты кез келген жағдай ерекше мән беруді қажет етеді. Мұндайда уақытты жоғалтпай, дереу әрекет ету – қауіпсіздіктің кепілі", — дейді тәртіп сақшылары.

Туристік полиция ата-аналарды қырағы болуға, адамдар көп жиналатын орындарда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Мемлекеттік шекарада ірі көлемде валюта тасымалдау дерегі тоқтатылды.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі



Новости