Бұл жағдайда фамилиялар дефис арқылы жалғанады.
Қырғызстанда парламент депутаттары "Азаматтық хал актілері" туралы заңға балаларға қосарланған фамилия беруге рұқсат етуге қатысты өзгертулер енгізу жөнінде бастама көтерді, деп хабарлады қырғыз баспасөзі.
Қолданыстағы заңнама бойынша балаға ата-анасының бірінің тегі өзара келісім бойынша беріледі. Қосарланған фамилияға рұқсат жоқ. Ал депутаттардың ұсынысы қолдау тапқан жағдайда бала әкесі мен анасының тегін қатар ала алады. Бұл ретте фамилиялар дефис арқылы жалғанады және оның реттілігін ата-ана өзі таңдай алады. Яғни, әкесінің тегі бірінші тұра ма, әлде анасының тегі алға шыға ма – оны ата-ана өзі шешеді.
Сондай-ақ, бұл ретте үш фамилияға рұқсат берілмейді.
Депутаттардың түсіндіруінше, мұндай бастама көтеруге тұрғындардың өтініші негіз болыпты. Мәселен, бір отбасы баласына Титов-Хан деген қосарланған тек бергісі келгенімен, хал актілерін тіркеу органдары бұған рұқсат бермеген.
Оқи отырыңыз:
- "Ешбірі мемлекетті жеке мақсатта пайдалана алмайды". Қырғыз президенті өз туыстары туралы
Қырғыз парламенті жаңа әнұран жобасын ұнатпады. Қайта байқау өткізіледі




